Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына іссапар

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына іссапар

Алматы облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссия мүшелері және облыстық мәслихат төрағасы Т.Байедилов облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына іссапармен барды.
Жаппай жүргізіліп жатқан цифрландыру бағдарламасының енгізілуі – өңірдегі медициналық қызмет көрсету саласының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындардың денсаулығын сақтауға жаңаша серпін қосты.
Алматы облысында «Бекітілген халық тіркеліміне» тіркелген халық саны 1, 5 млн адамды құрайды. Жедел медициналық көмекті Қонаев қаласының 1 станциясы, 12 қосалқы станция, ауылдық елді мекендерде 61 дислокация көрсетеді.
2023 жылдың 19 қыркүйек пен 3 қазан аралығында бірыңғай диспетчерлік қызметтің Талдықорған қаласынан Талғар ауданының Гүлдала ауылына бірыңғай диспетчерлік қызметке көшуі ұйымдастырылды.
Облысымыздың медициналық жедел жәрдем станса диспетчерлік қызметі «Көмек» автоматты басқару жүйесімен жабдықталып, санитарлық автокөліктердің GPS-навигациясымен біріктірілген.
Облыс тұрғындарының барлық қоңыраулары «Көмек» бағдарламасының көмегімен «103» қашықтан басқару пультіне түседі, онда әрбір қоңырау аудиожазбамен жазылады. Бұл науқасқа жету уақытын барынша қысқартып, қозғалыс бағытын автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді. «Көмек-103» бағдарламасы оңай, әрі оңтайлы жұмыс істейді.
Қоңырау 2 минут ішінде диспетчермен өңделеді. Көмекке мұқтаж адамның жағдайы туралы дәстүрлі сұрақ қойылады. Ол науқастың дене қызуы, ауру барысы жайлы қарапайым сауалдардан тұрады. Осы аралықта бағдарлама кезекшісі жедел жәрдем көлігіндегі дәрігердің телефонына шақырту түскен науқастың жағдайы мен көрсетілетін көмектің барысы туралы SMS хабарлама жолдап, тиісті нұсқау беріп үлгереді және цифрлы жүйе тіркелген науқас тарихын жедел сараптап, көрсетілетін көмектің санатын автоматты түрде анықтайды.