
Алматы облыстық мәслихаттың төрағасы Байедилов Талғат Ескендірұлы арнайы жұмыс сапарымен Қарасай ауданына барды. Аудандық мәслихат депутаттары және мекеме басшыларымен кездесті.
Бас қосуда облыстық мәслихат төрағасы Т.Байедилов мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың а.ж. қырқүйекте халыққа арнаған Жолдауында айтылған негізгі бағыттарға тоқталып, қазіргі күнде өзекті мәселенің біріне айналған су шаруашылығына, әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы маңызды екенін айтып өтті.
Одан кейін Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Р.Атшабаров ауданында атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер жайлы баяндады.
Ағымдағы жылы аудан көлемінде жалпы құны 65,8 млрд теңге болатын 10 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде атап өтетін ірі жоба - «Алтын Таға» серіктестігі Жібек жолы ауылында темірбетон бұйымдарын өндіру зауытының құрылысын жүргізуде, жалпы саны 19 ғимараттан тұратын бұл ірі өндірістік кешен жобасының құны 32 млрд. теңгені құрайды. Мұнда жылына 14 мың тоннаға дейін дайын өнім шығарылатын болады, сондай-ақ 1200 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Жиын барысында облыстық, аудандық мәслихат депутаттары тарпынан жолға асфальт төсеу, дәрігерлік емхана салу, электроэнергия, жылу, су тарифтерін бір жүйеге келтіру, мектеп ғимараттарын салу туралы өткір мәселелерге қатысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Бас қосудан кейін бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған бір қатар нысандардың жұмысымен танысты.