Алматы агломерациясын 2029 жылға дейін дамытудың Кешенді жоспарының жобасымен таныстыру, талқылау бойынша облыстық мәслихат депутаттарымен кездесу өтті

Алматы агломерациясын 2029 жылға дейін дамытудың Кешенді жоспарының жобасымен таныстыру, талқылау бойынша облыстық мәслихат депутаттарымен кездесу өтті

        Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында әзірленген Алматы агломерациясын 2029 жылға дейін дамытудың Кешенді жоспарының жобасымен таныстыру, талқылау бойынша облыстық мәслихат депутаттарымен кездесу өтті. Депутаттардың талқылауына  екі мәселе ұсынылды:

  1. «Алматы қаласының қала маңындағы аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын өзектендіру» жобасы;
  2. «Алматы агломерациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарының» жобасы.

       Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Урбостиль» ЖСН-нің директоры Л.В.Нысанбаева және «Сәулет және қалақұрылысы басқармасы» ММ-сі басшысының орынбасары  А.Күнесбаев таныстырды.

        Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспарының жобасы облыстық «Алатау Арайы» және «Огни Алатау» газеттерінде жарияланып,  облыстық қоғамдық кеңесте қаралып, оң қортынды алды.

         Аталған жоба, 2023 жылдың 04 қазанында Алматы облысы және Алматы қаласының әкімдіктермен бірлескен жергілікті кеңесте қаралып, келісілді. 

         Негізгі өзегі Алматы қаласы болып табылатын Алматы агломерациясының қолданыстағы даму схемасына сәйкес 31 ауылдық округ және шамамен 3 млн адам тұратын 98-ге жуық елді мекен кіреді. Агломерация аумағы өзінің өңірлік даму жоспарлары мен мемлекеттік жоспарлаудың басқа да бағдарламалары бар 2 әкімшілік-аумақтық бірлікті (Алматы қ.және Алматы облысы) қамтиды.

        Жобада Алматы қаласының көлік қаңқасын дамытудың әзірленіп жатқан шебер жоспары шеңберінде қала мен облыс арасындағы көлік байланысын жақсарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Шебер жоспарда көлік желілерін, оның ішінде қоғамдық көлікті дамытуға, теміржол тасымалының сапасын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шара көзделген. Қала маңындағы аймақтардың тұрғындары үшін көліктік қолжетімділікті жақсарту үшін жаңа маршруттар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, облыс бойынша жылдам әрі ыңғайлы жүруге мүмкіндік беретін бірнеше көлік- ауысып отыру тораптарының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл магистральдық жолдардың өткізу қабілетін және қоғамдық көліктің тартымдылығын арттырады.

       ДКЖ жобасында өндірісті дамыту және жаңа орындарды ұйымдастыру үшін шағын өнеркәсіптік парктер құру, Индустриалды аймақты кеңейту, өндірістерді облыс аумағына көшіру көзделген.   Сонымен қатар, ДКЖ жобасында ішкі туризмді дамытуға баса назар аударылды. Агломерацияға Тургеннен Қаскелеңге дейінгі таулы туристік кластер кіреді.

       Алматы агломерациясы экономикасы бәсекеге қабілетті, өмір сүру мен қоршаған орта сапасы жоғары, еларалық және экономикалық байланыстар жүйесіне интеграцияланған көп функциялы өңір ретінде дамитын болады.

        Жобаны қаржыландыруды республикалық және жергілікті бюджеттер аясында да, жеке инвестициялар есебінен де жүргізу жоспарлануда.

        Кездесу соңын Алматы облыстық мәслихаттың төрағасы Т.Байедилов қорытындылады.

        Бұл жоба өңірдің дамуына үлкен септігін тигізетіні белгілі,  «Бірігіп көтерген жүк жеңіл» демекші, облыстық мәслихат депутаттары да жобада көзделген шаралардың іске асуына атсалысып, назарда ұстайтын болады.

       Аталған жоба облыстық мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан мақұлданды.

       Алдағы уақытта аталған жоба Үкіметтің қарауына және бекітуіне жіберіледі.