
Қоғамдық қабылдауға келген облыс тұрғындары мектеп құрылысы, жылыту жүйесі, көше жолдарын салу және жарықтандыру, инфраструктура мәселелерін көтерді.
Мәселен, Қарасай ауданының тұрғыны Кемертоған ауылындағы 1 200 орындықты мектептің тарлығын айты. Оның айтуынша Кемертоған орта мектебінде қазіргі уақытта 5 мыңнан аса бала оқиды. «Сондықтан мектепте тәртіп жоқ, күнде бала жоғалып қалады, тазалық жоқ, білім сапасы өте нашар», - деп шағымданды.
Талғат Байедилов қабылдауға жазылған облыс жұртшылығының өтініштерін мұқият тыңдап, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тиісті мекемелер мен бөлімдермен бірлесіп отырып мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.