
Қонаев қалалық мәдениет үйінде Алматы облыстық мәслихатының кезекті IV сессия отырысы Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Т.Е.Байедиловтың төрағалығымен өтті.
Сессия отырысына Алматы облысының әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, онлайн режимінде аудандық мәслихат төрағалары мен аудан әкімдері де қатысты.
Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
1. «Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №13-147 «Алматы облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Алматы облысы мәслихатының 2022 жылға 15 қарашадағы №29-132 «Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Алматы облысының мемлекеттік органдарының басқару схемасының жобасын бекіту туралы
4. Алматы облысында есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер және прекурсорлармен байланысты қылмыстарды ескерту, анықтау, олардың жолын кесу және ашу туралы атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
5. Жастар саясаты бойынша 2023 жылдың 1-ші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы.
6. Алматы облысындағы туризм саласының дамуы мен орын алып отырған проблемалар және оларды шешу жолдары туралы.
7. «Алматы облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы.
8. Алматы облысы әкімдігінің дербес құрамына енгізілген өзгерістерге келісім беру туралы.
9. Алматы облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы
10. Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы.
11. Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстарды ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы.
12. ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына атау және ұсыныстар енгізу туралы «Шамалған станциясындағы жаңа қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту бойынша.
13. ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасы Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындау ұсынымы туралы.