Алматы облыстық мәслихатының дін, тіл, этносаралық қатынастар, ішкі саясат мәселелері жөніндегі және индустриялық-инновациялық, кіші және орта бизнесті, туризмді дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының отырыстары С.Нұрдаулетов пен А.Төлепбергенованың төрағалығымен өтті.
Тұрақты комиссияның күн тәртібінде:
- Жастар саясаты бойынша 2023 жылдың 1-ші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар;
- Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстарды ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу;
- ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына атау және ұсыныстар енгізу туралы «Шамалған станциясындағы жаңа қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту;
- Алматы облысындағы туризм саласының дамуы мен орын алып отырған проблемалар және оларды шешу жолдары;
- Алматы облысында өнеркәсіп саласын индустрияландыру, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие тауарлардың өндіріс көлемін ұлғайту, өңдеуші өнеркәсіп салаларында инновациялық технологияларды енгізу және цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Комиссия отырысында кейбір аудандардағы демалыс орындарына көлікпен бару қиындық тудыруына байланысты жол мәселесі, интернет желісімен қамтамасыз ету, автономды дәретханалық модульдер орнату (санитарлық-гигиеналық тораптар) туралы мәселелер көтерілді. Туризмді одан әрі дамыту мақсатында инвесторларды тарту үшін нақты жобаларды айқындап, облыстық мәслихат депутаттарына ұсыныс енгізу туралы айтылды.