Председатель Алматинского областного маслихата Байедилов Талгат Ескендирович с рабочим визитом посетил Илийский район

Председатель Алматинского областного маслихата Байедилов Талгат Ескендирович с рабочим визитом посетил Илийский район

Іле ауданы – экономикалық-әлеуметтік жағынан облысымыздың ғана емес, еліміздің ең ірі өнеркәсіпті аудандарының бірі болып табылады. Жыл басынан өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 20%ға ұлғайып, қомақты сомада
инвестициялар тартылды. Бұдан бөлек облыс көлемінде бюджетке салық түсімінің 56 %-ы Іле ауданына тиесілі – бұл Алматы облысының дамуына ауқымды үлес болып есептеледі.

Іссапар барысында Талғат Ескендірұлы Іле аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшыларымен кездесу өткізіп, көптеген өзекті мәселелерді шешу жолдарын, сонымен қатар мемлекет басшысының реформаларын бірлесіп іске асыру туралы міндеттерді талқылады.

Өзекті мәселелердің қатарына мектеп құрылысы кірді. Іле ауданының Жаңаталап ауылындағы 600 орындық орта мектептің құрылысымен танысу үшін арнайы жұмыс сапары ұйымдастырылды. Құрылыс 2021 жылдың мамыр айында басталып, аяқталуға таяп қалды – қазіргі таңда нысанда әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге мәслихат төрағасы іссапарының келесі межелі Ынтымақ ауылында орналасқан ҮАААЖ жол пайдалану учаскесі әкімшілігінің жұмыс барысымен танысу мақсатында өтті.

Жол-пайдалану учаскесі автомобиль жолын күтіп ұстау және жөндеу, жол қозғалысына қатысушыларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін ҮААЖ құрамында көзделген. Жол-пайдалану учаскесінің ауданы 7 га құрайды, оның аумағында ITS тәулік бойы басқару пункті мен кабинеттері, жөндеу және механикалық шеберхана, жолдың элементтеріне арналған жөндеу шеберханасы орналасқан.