
Қазақстан Республикасының Президенті К.К Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында:
"Көктемдегі сайлаудан кейін Парламенттегі саяси партиялардың қатары көбейді. Депутаттар құрамы айтарлықтай өзгерді. Саяси партиялардың фракциялары, бір мандатты округтан сайланған депутаттар да жұмысқа белсене кірісті. Олар көптеген заң жобасына бастамашылық етіп, өзекті мәселелерді батыл көтере бастады.
Депутаттарымыз жазда да көп жұмыс атқарды. Небәрі екі айда 1200-ден астам елді мекенді аралап, сайлаушылармен кездесті, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты.
Мен баршаңызға табысты қызметтеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Жаңа сессияда жұмыс қарқыны бұдан да жоғары болады деп ойлаймын"- деп депутаттардың жұмысына оң баға берді.
Автокөлік жолдарының сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер. Жауаптыларға жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдауды тапсырды. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Көлік министрлігі қайта құрылатын болды.
Балалардың сапалы білім алуы үшін «Келешек» жинақтау жүйесі енгізіледі, яғни мемлекет жас ұрпақтың болашағы үшін қаржы құйып отырмақ.
Агроөнеркәсіп саласында қордаланған мәселелерге де тоқталды. Мемлекет басшысы шаруаларға несие беріп қана шектелмей олардың әлеуетіне де назар аударған жөн деді. Себебі техника әбден ескірген сондықтан оның жыл сайын 8-10% жаңартып отыру қажет, сондай - ақ отандық өнімнің көлемін көбейтіп, үкіметке экспортты арттыруды тапсырды.
Жолдаудың толық нұсқасымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар: