
Мұндай маңызды шешім қабылдар алдында, ең алдымен, халықтың пікірін ескеру қажет, бұл «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асырудың айқын мысалы.
«АлЭС» ЖШС басқарушы директоры, энергетик Бағдәулет Үстенов , ҚР Энергетика министрлігі департаменті директорының орынбасары Мурсалова Гүлмира Дәуітқызы – Қазақстандағы атом энергетикасының дамуы туралы қысқаша баяндап берді, сонымен қатар тыңдауларға Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Талғат Байедилов қатысты.
Тыңдаулар барысында Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту, жоба, техникалық аспектілері, қоршаған ортаға тигізетін әсері және аймақтың даму перспективалары, АЭС құрылысының экономикалық орындылығы туралы түсініктемелер берілді.
Қоғамдық тыңдау қорытындысы бойынша жергілікті тұрғындар Үлкен ауылында АЭС құрылысын салуға бірауыздан жақтап дауыс берді.