Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Әшімжанов және Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Т.Байедилов Кеген ауданына арнайы іссапармен барды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Әшімжанов және Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Т.Байедилов Кеген ауданына арнайы іссапармен барды.

2023 жылғы 17 тамызда Кеген ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы және Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Байедилов Талғат Ескендірұлы, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы арнайы іссапармен келді. Іссапар барысында Алғабас – Жіңішке облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайымен танысты.

Осы облыстық маңызы бар автомобиль жолына кеңес өкіметі кезінен былтырғы жылға дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Халықтың сұранысы бойынша Жіңішке ауылынан бастап Жалаңаш ауылына бұрылатын бұрылысқа дейінгі аралықтағы  34 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған болатын. Жөндеу жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

0-18 шақырымдар аралығын Мердігер компания “Алматы жолдары” ЖШС, ал 18-34 шақырым аралығын мердігер “КазДорИнновация” ЖШС жүргізуде.

Автомобиль жолының ой-шұңқырлары тегістеліп, асфальт төселіп, ауыл тұрғындары ризашылығын білдіруде.