Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Талғат Ескендірұлы Байедилов Балқаш ауданына жұмыс сапарымен барды

Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Талғат Ескендірұлы Байедилов Балқаш ауданына жұмыс сапарымен барды

2023 жылдың 09 тамызында Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Талғат Ескендірұлы Байедилов Балқаш ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы және салынып жатқан құрылыс нысандарының барысымен танысу мақтасында және Балқаш ауданының депутаттарымен кездесу үшін жұмыс сапарымен барды.

Кездесуге Алматы облыстық мәслихат аппаратының басшысы  С.Нұркадыров, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары Б.Төлебекова, Алматы облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары А.Сабитов, Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы орынбасарының м.а Д.Сыдықов, Балқаш аудандық мәслихатының депутаттары және Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Б.Дәрібаев және аудандық бөлім басшылары қатысты.

Іссапар барысында Балқаш ауданының Бақанас ауылындағы 30 жалгерлік,  40 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылыс нысандарымен және  «Бауыржан-7» ЖШС-нің жұмыстарымен танысты.

Кездесу барысында Балқаш ауданының өзекті мәселелеріне жеке-жеке тоқтала отырып, оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.