
Қонаев қаласының мәдениет үйіндегі сайлау пунктінде Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Дәулет Жамалбекұлының төрағалығымен және облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Мейрамгүл Айтованың қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат депутаттарының сайлауы өтті.
Науқанға Алматы облысы бойынша Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы , Ертас Нұрлан Ертасұлы 2 кандидат ұсынылды. Облыс бойынша 204 тыңдаушының 185 –і 91,1% сайлауға қатысты. Нәтижесінде Жанболат Әкебайұлына 154 таңдаушы, 83,2 % пайыздан астам дауыс жинап жеңіске жетті.
Сенат депутатының Алматы облысы көлемінде атқарған игі істері жөнінде облыстық мәслихат хатшысы Дәулет Жарасбаев атап өтіп, жауапкершілігі үлкен ісіне сәттілік тіледі.
«Өңірдің жергілікті өзін-өзі басқару саласының дамуына елеулі үлес қосып келесіз. Өзіңізге артылған аманатты қиянат етпей орындайсыз. Алматы облыстық депутаттарының атынан халықтың сенімін ақтайтын абыройлы депутат болуыңызға тілектеспіз» - деді Дәулет Жамалбекұлы.