Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты 2 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын және 19 Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.
Алматы облыстық мәслихаты
Алматы облыстық мәслихатының хатшысы – Д.Ж. Жарасбаев.
Мәслихаттың орналасқан жері: Қонаев қаласы, Индустриальная к-сі, 16/4.
Жауапты тұлға – Айым Алдабергенқызы Алдабергенова, № 708 каб., ұялы телефонның нөмірі: 87021770888, электрондық пошта мекенжайы - info@almoblmaslihat.gov.kz.
|
№ р/с |
Сайлау округінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары – 2
|
|||
|
1. |
№11 |
Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі 13, әкімдік ғимараты |
5 |
|
2. |
№12 |
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, ул. Абылайхан к-сі 40, аудандық мәдениет үйі |
5 |
|
Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары – 19 |
|||
|
1. |
№1 |
Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 75, Бақанас ауылдық округ әкімшілігі ғимараты |
5 |
|
2. |
№2 |
Қонаев қаласы, 4 ы/а, орта мектеп-гимназиясы |
5 |
|
3. |
№3 |
Іле ауданы, Жетыген ауылы, ул.Райымбек батыр көшесі, 4, ғимарат № 11 орта мектебі |
5 |
|
4. |
№4 |
Іле ауданы М.Түймебаев ауылы, А.Молдағұлова көшесі,14, ғимарат № 19 орта мекебі |
5 |
|
5. |
№5 |
Іле ауданы, Қараой ауылы, Қаратал көшесі, 50, № 49 орта мектебі |
5 |
|
6. |
№6 |
Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі,53, Жамбыл ауданының мәдениет үйі |
5 |
|
7. |
№7 |
Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Досымбетов көшесі, 4 Б, № 3 орта мектебі |
5 |
|
8. |
№8 |
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Гоголь көшесі, № 44, Абай атындағы орта мектеп-гимназия, |
5 |
|
9. |
№9 |
Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, Жібек Жолы көшесі №54, Шамалған ауылының мәдениет үйі |
5 |
|
10. |
№10 |
Қарасай ауданы, Батан ауылы, Саламатов көшесі 1, Батан орта мектебі |
5 |
|
11. |
№11 |
Қарасай ауданы, Іргелі ауылы, Қонаев көшесі, 80, Іргелі ауылының мәдениет үйі |
5 |
|
12. |
№12 |
Талғар ауданы, Талғар қаласы, Ғ. Мүсірепов көшесі № 57, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 7 орта мектеп-лицейі |
5 |
|
13. |
№13 |
Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы, С. Әлиев көшесі, 54, № 32 орта мектебі |
5 |
|
14. |
№14 |
Талғар ауданы, Кеңдала ауылы, Қабанбай батыр көшесі № 2, № 42 орта мектебі |
5 |
|
15. |
№15 |
Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Абай көшесі № 318 а, Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйі |
5 |
|
16. |
№16 |
Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылы, Балагөзов көшесі № 2, Н. Островский атындағы орта мектебі |
5 |
|
17. |
№17 |
Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Қабылов көшесі № 2 Абай атындағы орта мектебі |
5 |
|
18. |
№18 |
Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы Райымбек көшесі, 17 халыққа қызмет көрсету орталығының ескі ғимараты |
5 |
|
19. |
№19 |
Шонжы ауылы, Әл-Фараби көшесі 100, Шонжы ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты |
5 |