
Шелек ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің жұмысын “NEFT” ЖШС мердігерлік компаниясы 2022 жылдың сәуір айында бастаған. Құрылыс алаңының жер көлемі 3.80 га. жерді алады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2023 жылдың қыркүйек айы деп белгіленген.
«Қазіргі таңда, құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бұл құрылыс нысанын облыстық маслихат депутаты ретінде әрдайым назарда ұстаймын», - дейді, Гүлнар Съездбекқызы.