Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссия отырысында қозғалған Талғар психиятриалық және наркологиялық көмек көрсететін емдеу мекемесіне депутаттар тарапынан мониторинг жүргізілді.

Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссия отырысында қозғалған Талғар психиятриалық және наркологиялық көмек көрсететін емдеу мекемесіне депутаттар тарапынан мониторинг жүргізілді.


🔹Облыстық мәслихат депутаттары Талғар қаласында орналасқан психиятриалық және наркологиялық көмек көрсететін емдеу мекемесімен танысу барысында орталықта ем алып жатқан науқастардың да жағдайын біліп қайтты. «Мекемеде науқастардың ем алуына барлық жағдайлар жасалған және қажетті заттармен қамтылған» дейді, облыстық мәслихат депутаты Ерік Абитов.
🔹Айта кетейік, Алматы облыстық медициналық-әлеуметтік оңалту және психотерапия орталығында әртүрлі психикалық ауытқулары бар 250-ден астам науқас емделуде. Оның ішінде 155 ересек науқастарға және 25 балалар мен жасөспірімдерге арналған керует бар. Қазіргі таңда балалар бөлімінде 10 наркологиялық және 15 психиятриалық науқас ем қабылдауда.
🔹Мониторинг жүргізу жұмыстарын қорытындылай келе, облыстық мәслихат депутаттары «Барлық қозғалған мәселелерді кезекті есептік кездесуде талқылайтын боламыз», деді.