Ұйғыр ауданы, Дардамты ауылдық округіне қарасты Ақсу учаскесінің тұрғыны Патима Халикованың шағымы бойынша Алматы облыстық мәслихатының депутаты Бағдаулет Үстенов Ұйғыр ауданына барып, мәселенің мән-жайын біліп қайтты.

♦️"1970 жылы ел игілігі үшін қазылған қайнар көздер көздер жекеменшікке қалайша өтіп кеткен?",- дейді жергілікті тұрғындар. Қазыналы суды кәсіпке айналдырғандар тариф бағасын екі есеге қымбаттатып жіберген.
♦️Шаруа қожалығының иесі Патима Халикова "Бау-бақшамыз қурап, малымызды суғара алмай отырмыз. Сатып алған суымыз үй шаруасына ғана жетеді",-дейді.
Мәслихат депутаты «Ыстық суды пайдаланатын бизнес өкілдерінен бұрын ең алдымен халыққа берілуі керек, оның шешу жолдарын қарастырамыз»,- деді.
♦️Айта кетейік, ауылды сумен қамтамасыз етіп отырған аймақты қоршауға алған кәсіпкердің барлық құжаты заңдастырылған дейді. Дегенмен, бұл кездесуде мониторингтік топ кәсіпкерді таба алмады.