
Алматы облыстық мәслихаты депутаттары Бағдаулет Үстенов, Ерік Абитов және Әсел Төлепбергенова Еңбекшіқазақ ауданындағы жылу мәселесін көтерді.
Еңбекшіқазақ ауданында көпқабатты 4 үйге орталық жылу қазандығы әлі қосылмаған. Себебі газдандыру жұмыстарын жүргіземіз деп бастаған мердігер компания қаражат жетіспегенінен жұмысын аяқсыз қалдырған. Жергілікті әкімшілік қажетті мекемелерге хат жолданғанын және одан ешқандай жауап болмағанын айтады. Бүгін де осы компаниямен келісімшарт жасаған басқарма келісімшартты бұзған.
«Аталған мәселенің шешілу жолдары Алматы облыстық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында қаралатын болады»,- деді, комиссия төрағасы Бағдаулет Үстенов.
Айта кетейік, «APL construction» ЖШС мердігерлік компаниясы арқылы Еңбекшіқазақ ауданының 34,4% белгіленген тариф бойынша газдандыру қазандықтарына қосылған.