Алматы облыстық маслихатының кезекті XХІІІ сессиясы өтті

Алматы облыстық маслихатының кезекті XХІІІ сессиясы өтті


Облыстық маслихат хатшысы Даулет Жарасбаевтың төрағалығымен өткен сессияға облыстық маслихат депутаттары қатысып, алдын-ала комиссия отырысында қаралған бірнеше мәселені қолдады.
Тұрақты комиссия отырысында облыстық полиция Департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқарма басшысы Қазбек Мұхамедов: - Алматы облысында экспертизалық лобараторияның жоқтығы біраз кедергі келтіруде деген болатын. Сессияда қаралған бұл мәселеге депутаттар экспертизалық жабдықтың заңды алу жолдарын қарастыруды қолдады.
Сондай-ақ, депутаттар алкоголизм, нашақорлық және уытқұмарлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралардан нәтиже жоқ екенін ескере отырып, тұрақты комиссияға денсаулық сақтау саласынан маман қосып, жұмсалған қаржыны тексеру қажет екенін айтады.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша, Алматы облыстық әкімдігі жанындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде индустриаландыру саясатының іске асыру дербес құрамын бекітуде келісім берілді. Дербес құрамды облыстық кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Самат Даулетов хабарлады.
Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына Бағдаулет Үстенов тағайындалып, өз еркімен екі мүшесін жұмыстан босату туралы мәселелер қаралды.
«Алматы облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгеріс енгізу туралы.