Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Кеген және Райымбек аудандарында жұмыс сапарымен болып, аудан тұрғындарымен кездесті.

Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Кеген және Райымбек аудандарында жұмыс сапарымен болып, аудан тұрғындарымен кездесті.


🔷Кездесу модераторы Алматы облыстық маслихат хатшысының міндетін атқарушы Ерік Абитов болды.
🔷Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау шеңберінде бекітілген халықпен кездесуге аудан тұрғындарымен қатар мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жауапты құқық қорғау, облыстық, аудандық атқарушы органдарының басшылары қатысты.
🔷Кездесу барысында Марат Елеусізұлы баяндама жасап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
🔷Сондай-ақ, екі ауданның да ардагерлерімен кездесіп, азаматтарға жеке қабылдау өткізді.
Сонымен қатар:
✔️Жалаңаш ауылындағы Ж.Ермегияев атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен;
✔️Кеген аудандық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарымен;
Кеген ауданындағы республикалық маңызы бар «Көкпек-Кеген-Түп» автокөлік жолының проблемалық құрылыс жұмыстарымен;
✔️«Қарқара Өнімдері» ЖШС базасында ауданның ауыл шаруашылығы саласының жұмыстарымен және сервистік–дайындау орталығының жұмыстарымен;
✔️Ауданда салынған 51 және салынып жатқан 20 жалгерлік тұрғын үйдің жұмысымен;
✔️«КегенМясПром» ет комбинатының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Нарынқол ауылындағы жаңа салынып жатқан үйлердің құрылыс жұмыстарымен;
✔️Аудандық ауруханың жағдайымен танысып;
✔️Қайнар ауылындағы «Жаңа жеміс» каналын;
✔️Нарынқол ауылындағы салынып жатқан «Жастар» саябағының құрылыс жұмыстарын;
✔️Сарыбастау ауылындағы «Айғайтас» ЖШС-нің егіс алқабын және сервистік дайындау орталығының техникаларын арнайы барып көрді.