Алматы облысында пайдаланылмай жатқан жер учаскелері арнайы жер қорына қайтарылды.

Алматы облысында пайдаланылмай жатқан жер учаскелері арнайы жер қорына қайтарылды.


Алматы және Жетісу облыстары бөлінген сәттен бастап пайдаланылмай жатқан 29,6 мың га жер аудандық арнайы жер қорына қайтарылып, жергілікті халықтың малын жаю үшін ауылдық округ әкімі аппараттарына бекіту жұмыстары жүргізілуде, қалған жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға шаруа қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурстық негізде берілетін болады.
Атап айтқанда, Балқаш ауданында – 50 га, Іле ауданында – 1400 га, Жамбыл ауданында – 2400 га, Кеген ауданында – 2912 га, Райымбек ауданы – 12 141 га, Ұйғыр ауданында – 6450 га, Қонаев қ. – 4264 га.
Облыстық мәслихат депутаттары игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарына атсалысуда.