
*Алматы облыстық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті.
*Комиссия төрағасы Бағдаулет Үстеновтың жүргізуімен өткен жиында Алматы облысын газдандыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралып, Талғар, Ұйғыр және Қонаев қаласы әкім орынбасарларының есебі тыңдалды.
*Комиссия отырысында газ бағасы дау тұғызды. Себебі облысымызда газ қосудың бірыңғай бағасы бекітілмеген және әкімдік пен мердігерлер арасында жобаны аяқтау уақыты да жоқ. Дегенмен, жұмыс сапасын алға қоятын мердігер компаниялар депутаттарды қолдайтынын айтты.
*Жиын соңында Еңбекшіқазақ ауданы атынан қатысқан «Gaz trade servise» ЖШС мердігерлік компаниясы өңіріндегі төрт мектепке тегін газ тартып беретінін, сонымен қатар, «АЗИЯ ГАЗ ЧУНДЖА» ЖШС мердігер компаниясы бюджетіне қарай Ұйғыр ауданына көмек қолын созатынын жеткізді.
*Айта кетейік, Ұйғыр ауданында бүгінгі күні 2100 жеке тұрғын үйлер және 20 астам заңды тұлғалар табиғи газға қосылған. Алайда, Ұйғыр ауданындағы бес мектепке неге әлі күнге дейін газ тартылмады деген сұраққа аудан әкімінің орынбасары жауап бере алмады.
*Ал, Талғар ауданы әкімінің орынбасары ауданның 60,4% -ы газ жүйесіне қосылғанын жеткізді. Сондай-ақ, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Марлан Жолдахметов баяндамасында «Қонаев қаласының "КАТЭК" ЖШС компаниясы 5 шағын ауданды газбен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы өтеусіз негізде әзірлеуді ұсынды. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың соңына дейін жобалау бойынша аяқтау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына бюджеттік өтінім беру жоспарлануда»,- деді.
@almobl_akimat @bagdaulet_ustenov @abitov.erik @zhazykpaevazhanna @ceidolla @sembaev_amangeldi @donbayevzh @uigur.maslihat @uigur.zhetysu @enbekshikazakh.maslihat @enbekshikazakh_audan_akimdigi @talgar_akimat @akimat.konaev