
Бүгін, Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХVI сессиясы өтті.
Күн тәртібінде Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы мәселелер қаралды.
Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы» қаулы жобасы дайындалды, осыған орай «Сарыжаз орта мектебі және Ақбейіт бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп Ақбейіт бастауыш мектебімен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы ұсыныс түсті.
Сессияда қаралған бұл мәселе Алматы облыстық мәслихаты депутаттарымен бір ауыздан мақұлданып, шешім қабылданды.