*Комиссия отырысында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаевтің баяндамасы тыңдалып, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының Алматы облысында жүзеге асырылуы, орын алып отырған проблемалар және оларды шешу жолдары туралы» мәселелер қаралды.
*Бүгінгі таңда Алматы облысында дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны 491 320 адам. Бұл облыстағы жалпы халық санының 34,1% -ын құрайды.
*Басқарма басшысы Нұрбақыт Теңізбаев «Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп интернат-колледжі» және т.б ұйымдар құру, сондай-ақ, аудандық балалармен жасөспірімдер спорт мектептері мен Бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталықтарына бұқаралық спортты насихаттау мен дамытуға бөлінетін қаражатты ұлғайту қажет»,-дейді.
*Комиссия отырысы барысында облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаров туризм мен спортты қосып дамытсақ ел экономикасына да әкелер пайдасы зор болатын еді деп ұсынысын білдірді.