Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуі өткізілді.

Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуі өткізілді.

Қазақстан Респубикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге ала отырып ұйымдастырылған жүздесуге аудан тұрғындары, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-ры, жауапты құқық қорғау, атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

 

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Даулет Жарасбаевтың жүргізуіндегі кездесуде Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Алтай Досымбаевқа сөз беріліп осы күнге дейін жүргізілген жұмыс пен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасалды. Осыдан барып облыс басшысы Марат Елеусізұлы сөз алып «Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» бойынша атқарылған істер жайын кеңінен айтып, залдағы жергілікті тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берілді.

 

Осы ретте, аталмыш аудан облыстағы үлкен өңірлердің бірі болғандықтан мұнда келушілер қатары көп болды. Ал, сәйкесінше қойылған сұрақтар легіде жетерлік болды. Тіпті жүздесу аяқталғаннан кейін де облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы көпшілікпен жеке қабылдау ұйымдастырды.

общественностью.