ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ


Алматы облыстық мәслихатының кезекті тұрақты комиссия отырысы Тәуелсіздік күніне орай облыстың әлеуметтік —экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан бірқатар азаматтарды «Алғыс хат»,«Құрмет грамотасымен» марапаттаудан бастау алды. Мерекелік марапатты Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Дәулет Жамалбекұлы табыстады. Кейін тұрақты комиссияға жалғасқан отырыста 4 мәселе қаралды:
1. Алматы облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12-59 «Алматы облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Алматы облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы.
3. Облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы.
4. Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 14-80 «Алматы облысы Іле ауданы серіктес - қала Гейт Сити Бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Тұрақты комиссия отырысына облыстық басқармалардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.