Қонаев қаласының мәдениет үйінде аймақ тұрғындарымен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев кездесті.

Қонаев қаласының мәдениет үйінде аймақ тұрғындарымен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев кездесті.

 

Кезекті кездесуде Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Дәулет Жарасбаев төрағалық етті. Халықпен арнайы жүздесуге облыстың басқарма басшылары, қала әкімінің орынбасарлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында алдымен қала әкімі Н.Құматаев 11 айда жүргізілген жұмыс барысы мен болашақ жоспарлары бойынша баяндама жасады. Одан кейін облыс әкімі Марат Елеусізұлы ағымдағы жыл мен алдағы уақытта атқарылар жұмыс турасында кеңінен таныстырып өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дұрыс шешімімен Қапшағайға қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімі беріліп, барша қазақстандықтардың қуанғаны рас. Республика көлемінде маңызды қалалардың біріне айналдырған орталығымыздың көркейіп дамуына, экономикалық өркендеуіне жұмыс жасау керектігін баса айтты.
Бұл аумақта өндіріс ошақтары көптеп шоғырланғандықтан, өнім көлемі де жақсы. Қала үлесіне өнімнің 9 пайызға жуығы тиесілі, осы көрсеткіш бойынша Қонаев қаласы облысты 3 орынды иеленеді. Мұнда 117 кәсіпорын жұмыс жасайды. 11 айда олар 5,5 пайыз өсіммен 128 млрд.теңге сомасында өнім шығарды. Сол секілді ауылшаруашылығы, шағын орта және шағын бизнес салаларында да нәтиже жаман емес. Деседе, аргоөнеркәсіп саласының өнімдерін терең өңдеу кәсіпорындарын дамыту қажеттілігі туындайды. Соған сәйкес, ол жаңа жұмыс орындарының құрылуына, салық базасының ұлғаюына, көлік-логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік бермек. Одан бөлек, ауылды жерлерге көңіл бөлу керек.
Мұндағы ирригациялық жүйелердің қалпына келуі, суармалы массивтердің желілерін қайта жаңарту, жайылымдық жерлерді қайтару, Шеңгелді ауылдық округ жұртшылығының проблемалық мәселелеріне назар аударып, оның шешілуіне жұмыстар жүргізілуі тілге тиек етілді. Яғни, озық технологяларды енгізіп дақылдардың өнімділігін, жылыжай шаруашылығының қызметін кеңейту, бордақылау алаңдарын құру, жаңа қайта өңдеу өндірістерін ашу үшін инвесторлар тарту шараларын орындау тапсырылды. Кездесу соңы қала тұрғындарының сауалдарына ұласып, бірқатар мәселелер көтеріліп, оған нақты жауаптар берілді.