
Бүгін Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Дәулет Жарасбаевтың, комиссия төрағасы Асқар Фазылұлы мен облыс депутаты Әсел Болатқызының қатысуымен ауылшаруашылығы, жер қатынастары ветеринария және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті.
Онда 2022 жылғы субсидияның қаржы көлемі және оның орындалуы туралы, 2023 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатқаны, Алматы облысында өнеркәсіптік-инновациялық даму және кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде атқарылған жұмыстар қаралды.
Комиссияға облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Коюмчан Аванұлы Омаров, облыстық кәсіпкерлік және индустриялды- инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмат Амирханұлы Бакиров, «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Айгерим Маратқызы Маймакова, ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының маманы Асель Қарымсақова және «Аграрлық несие Корпорациясы» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының директоры Әмірхан Жаңбырбайұлы болды.
Тұрақты комиссия барысында облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Коюмчан Аванұлы, «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Айгерим Маратқызы,облыстық кәсіпкерлік және индустриялды- инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмат Амирханұлы баяндама жасап, аталған тақырыптар төңірегінде біраз мәселелер көтеріліп, облыс депутаттары тарапынан сын ескертпелер айтылып, мәселелер назарына алынды.