Алматы облысының Талғар аудандық «Аманат» партиясының филиалында облыстық мәслихатының «Денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет, дін, тілдер, этносаралық қатынастар, ішкі саясат мәселелері бойынша» тұрақты комиссияларының отырысы болып өтті.
Тұрақты комиссияға аталған комиссия төрағасы Болатжан Нұрбеков, Алматы облыстық мәслихаттың аппарат басшысы Серік Нұрқадырұлы, облыстық мәслихатының депутаттары, аудандардың мәслихат хатшылары, облыстық білім басқармасы мен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай аудандары әкімдігінің де азаматтары қатысты.
Көшпелі комиссиядағы күн тәртібінде білім беру ұйымдарында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және «Алматы облысындағы есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер және прекурсолармен» байланысты қылмыстарға қарсы күрес жүргізу мәселелері қаралды. Комиссия Болатжан Саймасайұлының төрағалығымен жүргізілді.
Басқосуда Алматы облысының білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханашілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Индира Кунбасова және Алматы облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ерғалым Керімбековтер аталған мәселелер бойынша баяндама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Комиссиядан кейін қатысушылар Талғар ауданында жаңадан салынған орта мектептің асханасына барып, оқушыларға берілер ыстық тамақ сапасының деңгейін арттыру мақсатында бірқатар ұсыныстар айтып, оқу орының ішіндегі спорт зал мен шәкірттер жағдайымен танысты.