
ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитеті ҚР Парламенті Сенатының VII шақырылған Парламенттің III сессиясына арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚР Президентінің «Әділетті мемлекет. Бірұлт ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында денсаулық сақтау саласында онлайн режимінде кездесу өткізілді.
📌 Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Төреғалиев Нариман, Астана, Алматы, Жетісу,Павлодар мәслихат хатшылары және Алматы облысы мәслихатының хатшысы Даулет Жамалбекұлы, аталған саланың тұрақты комиссия төрағалары Әсел Төлепбергенова, Болатжан Нұрбеков, Денсаулық сақтау министрілік өкілдері, республикалық маңызы бар қала және облыстық қоғамдық кеңестер төрағалары қатысты.
📌 Күн тәртібінде облыстардағы денсаулық саласында қордаланған мәселелер қаралып, соның негізінде өңірлер мен қалалардың мәслихат хатшылары сөз алып, проблемаларды қозғады. Соның ішінде Алматы облысының мәслихат хатшысы Даулет Жарасбаев баяндама жасады. Онда облыста 300-ден астам денсаулық сақтау ұйымдарының басым көпшілігінің тозғандығын, облыс орталығына 200 орындық перинаталдық, 150 орындық кардиологиялық, 500 орындық көпсалалы аурухана салу, аудандардағы жанар-жағар май, коммуналдық қызметтер, мамандарға төленер айлық қаражаттарына жұмсалар қаражат үлкендігін айтты. Соған қарай емдеу орындарына бөлінер қаражаттың арттырылуы, жедел жәрдем жүргізушілерінің тапшылығы, олардың айлықтарын көбейту, жас мамандарды тарту үшін 1,5 млн теңге қаржылай көмек берілуін көтерді.
📌 Осындай мәселелерге қатысты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасап, қосымша депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.