Алматы облыстық қоғамдық кеңестің құрамынан шығып қалған мүшелерінің орнына 5 (бес) жаңа мүше сайлау жөнінде қосымша конкурстың өткізілетіндігін хабарлайды. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтар ұсынуы мүмкін. Конкурсқа қатысу үшін:
1) Кандидаттың өмірбаян деректері және кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер көрсетілетін кандидатураны қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (ұсыныстардың үлгілерін Алматы облыстық маслихатының интернет-ресурсынан жүктеуге болады.)
2) Коммерциялық емес ұйымның әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың ксерокөшірмесі
3) Кандидаттың жеке куәлігінің немесе паспортының ксерокөшірмесі.
4) Кандидаттың ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 бабының 1 тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігін растайтын құжаттар (халыққа қызмет көрсету орталығынан кандидаттың мекен-жай анықтамасы, кандидаттың сотталғандығының болмауы туралы анықтамасы. Денсаулық сақтау ұйымдарынан кандидаттың психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты есепте тұрмағандығы туралы анықтамалар).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 бабының 1 тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2022 жылғы желтоқсан айының 27 –нен қаңтар айының 10 –на дейін.
Алматы облыстық қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – Алматы облыстық маслихатының сайтына. Мекен-жайы: Алматы облысы,Қонаев қаласы, 1 ықшам аудан, №28А, электронды поштаның мекен жайы – almobl.qogamdyqkenes@mail.ru