
Қонаев қаласының орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Ахметжанов Саян Қылышбайұлы, Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің Республикалық Мемлекеттік Мекемесінің орынбасары Орынбетов Серік Құдайбергенұлы, Алматы облысының мәслихат хатшысы Дәулет Жамалбекұлы, аймақ басшысының орынбасары Арслан Дәндібаев, облыстық Қоғамдық Кеңес төрағасы Ескелді Қасымов және облыстың депутаттарымен қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.
Қоғамдық кеңесте ҚР Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде атқарылған жұмыс және Алматы облысының 2025-2030 жылдар аралығындағы даму жоспары турасында сөз қозғалды. Кеңес кезінде аталған агенттіктің превенция қызметінің басшысы Саян Қылышбайұлы сөз алып, бұл салада көптеген істердің жүргізіліп жатқанын айтты.
Бұдан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысының орынбасары Нұрсұлтан Берікұлы,«Экономикалық зерттеу институты АҚ» басқарушы директоры Мұқан Бауыржан Ғалиасқарұлына сөз беріліп, жасалған жұмыстар жөнінде кеңінен айтып өтті.
Кеңеске қатысушылар алдағы уақытта жемқорлықтың алдын алу бағытындағы істер күшйтіліп, бұл дертпен қоғам болып күресу қажеттігі тілге тиек етілді.