Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби мейрамына орай Алматы облысы орталығында ауқымды салтанатты жиын өтті.

Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби мейрамына орай Алматы облысы орталығында ауқымды салтанатты жиын өтті.

 

Іс-шараға Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Даулет Жарасбаев, өңір депутаты Бақдаулет Үстенов және әлеуметтік сала ардагерлері, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері қатысты. Жиында Алматы облысы әкімі Марат Елеусізұлы сала мамандарын құттықтап, жылы тілегін білдірді. Өз сөзінде:

«Табиғатта барлық жылу Күннен тараса, адамзатта жүректен тарайды. Сіздердің қоғам игілігі жолында кең пейіл, таза жүрек, адал ниетпен атқарып жатқан жұмыстарыңызға алғыс білдіреміз. Биыл Тәуелсіздіктің 31 жылдығы қарсаңында осы кәсіби мерекенің атап өтіле бастағанына он бір жыл толып отыр. Бұл – жауапкершілігі мол, ауыр салада аянбай еңбек етіп жүрген сіздерге деген мемлекетіміздің құрметі деп білемін», – деді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев.

Салтанатты жиынның концерттік бөлімінде «Қамқор жүрек» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ләззат Салықова «Я строю планы на завтра» әнін орындады. Сондай-ақ «Жерұйық» тобы, «Аяла», «Шарапат» арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталықтарының бейімделушілері өз өнерлерін көрсетті.