АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ XXVII КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ XXVII КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Алматы қаласындағы облыстық әкімдік ғимаратында төрағалық еткен сессияға облыстың 23 депутаты мен обасқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияда Алматы облысының облыс орталығын Қонаев қаласына ауыстыруына байланысты өтемақы төлемдерін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алматы облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгілеу туралы ұсынысын енгізу, Алматы облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу, Алматы облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту, Алматы облысындағы құқық бұзушылық профилактикасы ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту, Алматы облыстық мәслихатының құрамына «AMANAT» партиясынан енгізілетін жаңа депутаттарды таныстыру турасында мәселелер қаралды.

Соған сәйкес аталмыш мәселелерге байланысты Алматы облысы бойынша экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ораз Асылан Саматұлы, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Садвақасов Сәбит Қыдырғалиұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы баяндама жасады. Тиісінше депутаттардан тақырыпқа сәйкес сауалдар жолданып, жауаптар берілді.

Онымен қатар «Алматы облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның және
«Алматы облысындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес жаңа құрамдары бекітілді. Сонымен бірге Алматы облыстық мәслихаттың құрамына «AMANAT» партиясынан жаңа депутаттармен толықты. Сессия соңында өңір депутаттары естелікке суретке түсті.