Өтетін күні/уақыты: 2022 жылдың 15 қарашасы, сағ.11.00
Өтетін орыны: Алматы облысы, Қонаев қаласы
Жамбыл көшесі 13/1, қалалық мәдениет үйі.
2022 жылы 15 қарашасында, уақыты 11.00 де Қонаев қаласының Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XXIX сессиясы өткізіледі.
Күн тәртібінде:
- Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың атом электр станциясының құрылысы туралы бастамасын қолдау туралы
- Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз ету шаралары туралы.
- Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 31 шілдедегі № 51-257 «Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Алматы облысында қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйi туралы.
- Алматы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы.
- Алматы облысының жер комиссиясының дербес құрамын және жер комиссиясының Ережесін бекіту туралы.
- Алматы облысы әкімдігі жанындағы Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде индустрияландыру саясатын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.
Орын.: А. Қасымханова
Тел.: +7 7471814029