
Республика күніне байланысты Қонаев қаласындағы Қапшағай су электр станциясына өңіріміздің дамуына өзіндік қол таңбасын қалдырған, өлшеусіз үлес қосқан қазақтың маңдай алды азаматы, «Қапшағай су электр» станциясының құрлысына тікелей ат салысқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ел дамуына теңдессіз зор еңбек еткен Дінмұхамет Қонаевтың, Шапық Шөкіұлы мен Асанбай Асқарұлының 100 жылдықтарына орай мемориал қойылды. Мәдени шараға Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Дәулет Жамалбекұлы, Дінмұхамед Қонаевтың ұрпақтары, энергетика саласына еңбек етіп келе жатқан азаматтар, зиялы қауым өкілдері, қатысты. Салтанатты шарада Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз сөйлеп, облыстың әлеуетінің өркендеуіне еңбек сіңірген ұлы тұлғалардың өлшеусіз үлесін кеңінен айтып, ескерткіштің тұсауын кесіп ашып беріп, қоғамға зор үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды мерекемен құттықтап, «Төс белгі», «Құрмет грамоталарды табыстады. Бұдан кейін облыстың өрісіне үлес қосып жүрген азаматтар мен зиялы қауым өкілдері сөз алып қазақтың бір туар азаматтары, ұлы тұлғалар биылғы жыл Дінмұхамед Ахметұлының 110 жылдығымен қатар Қапшағай су электр станция жобасының авторы, Қазақстан энергетика ғылымдарының негізін қалаушы Шапық Шөкіұлының 110 жылдығын, Асанбай Асқарұлының 100 жылдық мерей тойларын дүйім қазақ жұрты атап өтіп, еліміздің дамуына айрықша жұмыс жасағандарын айтып жүріп өткен жолдарын еске түсірді. Осыдан барып қарияларымыз мемориалға гүл шоқатарын қойып, жиылған қауым бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп тарқасты.