
Аталған комиссия төрағасы, модератор Ерік Абитов және кездесуге облыстың мәслихат депутаттары, облыстық ауылшаруашылық, ветеринария, Полиция департаменті, экономика және бюджеттік жоспарлау басұармаларының өкілдері мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Тұрақты комиссия отырысында ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларын қосымша қаржыландыру, облыстағы мал ұрлығының алдын алу, тұрақты комиссиялардың екінші жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарын бекіту турасында мәселелер көтерілді. Соған сәйкес, Алматы облысының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Құдабаев Дастан Сұлтанмұратұлы мен облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қиялбеков Нұртас Тынышбайұлы баяндама жасап, мәслихат депутаттарынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Бұдан кейін облыс депутаттары Шонжы ауылындағы денешынықтыру –сауықтыру кешенінде жүргізіліп жатқан жұмыс барысын қарап көрді.