Қарасай ауданындағы тұрақты комиссияда үш мәселе бойынша проблемалар сөз болды

Қарасай ауданындағы тұрақты комиссияда үш мәселе бойынша проблемалар сөз болды

Қарасай ауданындағы тұрақты комиссияда үш мәселе бойынша проблемалар сөз болды. Нақты айтар болсақ, Алматы облысының жылыту мауысымына дайындығы турасында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары  Нұрманов Данияр Болатұлы баяндама жасады. Сәйкесінше баяндамашыға депутаттар тарапынан бірқатар сауалдар қойылды. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданында 200-ден астам тұрғыны бар 4 үй бүгінгі күнге дейін жылыту жағдайына дайын емес, сол секілді Ұйғыр аудандағы 3 мектеп жылу жүйесіне қосылмаған, одан басқа Қарасай ауданына қарасты «Асыл арман» тұрғын үй кешенін газдандыру жүйесі кешеуілдеуде, Талғар ауданында көгілдір отынға  қосылған тұрғын үйлер кестеге сәйкес уақыттан бұрынырақ жылуға қосыла берсе деген сұрақтар сұралды. Соның негізінде баяндамашы, алғашқы мәселеге байланысты тиісті орындардан қаражат сұратылған. Биылғы жылыту маусымында бұл пәтерлер қатты және сұйылтылған отынмен жылытыла тұратынын айтты. Ал, «Асыл арман» кешені аталған басқарманың қатаң бақылауында алынып, Талғар мен Ұйғыр ауданына қатысты проблемалар бойынша жауап жазбаша депутаттарға жолданатын болды. Сонымен қатар, қазіргі таңда республикалық маңызы бар жолдар «ҚазАвтоЖол» ҰК» АК мен Алматы облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қарауында. Деседе, бұл жолдар елді мекендердің маңайында орнласқандықтан қоқысын жинау, қыста қарын тазартып, құм себу сынды қызмет көрсету түрлері жергілікті атқарушы органдардың жүргізуіне тура келіп жататыны анықталды. Онымен қоса, облыста ауылдар, соның ішінде шалға жатқан елді мекендерге қоғамдық көліктердің қатынауы ұйымдастырылса, облыс көлемінде білім беру шаңырақтары бар жерлерге жол кедергілері жасалса деген де ұсыны-сауалдар айтылды. Осы аталмыш мәселелердің барлығы назарға алынып, келешекте қолға алынбақ. Жалпы ағымдағы жылдың шілде айынан бастап бюджеттік мекемелерге қатты және сұйық отынды тасмалдау жұмыстары басталды. Қажеттілік бойынша мекемелерге 15,9 млн.литр сұйық отын (дизель) тасымалдау жоспарланған, бүгінгі таңда 7,5 млн.литр жеткізілді (47%), қатты отын қажеттілігі 6 мың тонна, жеткізілгені 3,4 мың тоннаны құрайды.