Бектасов Жеңіс Амангелдіұлы- Алматы облыстық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.

Бектасов Жеңіс Амангелдіұлы- Алматы облыстық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.

Жеңіс Амангелдіұлы – 1963 жылы Қарасай ауданының Іргелі ауылында дүниеге келген.

1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Аграрлық университетінің ауылшаруашылық өндірісінің ұйымдастырушы, экономист мамандығын тәмамдаған. Еңбек өтіл Қарасай ауданының Бірінші Май ауылында Бірінші Май тәжірибелік-өндірістік мекемесінің техникалық қадағалау инспекторы, Қаскелең аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Қаскелең ауданы әкімдігінің ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің нұсқаушысы, «Шілік» жылжымайтын мүлік орталығы филиалының директоры, Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы директорының орынбасары, «Ж Қаскелең» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.