
Алматы облысы мәслихатының хатшысы Даулет Жарасбаев пен облыстық мәслихатының депутаты Бақдәулет Үстенов Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылындағы 60 пәтерлі үйдің құрлысының жұмысын қарап шықты. Соңғы үлгідегі технологиямен тұрғызылып жатқан тұрғын үй стандартқа сай салынуда. Жергілікті тұрғындардың қолданысына берілер пәтер СП «Нефт» жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен бой көтеруде. Ғимараттың ауа райына төзімділігі мен құрлыстың сапалы орындалуын қадағалаушы «TN Строй» ЖШС-гі. Ұйғыр аудандық құрылыс бөлімі 2022 жылы 412705 мың. теңге қаражат бөлген. Онымен қатар, тұрғын үйге инженерлік – коммуникациялық желілері жүргізіліп, айналасы аббаттандырылмақ. Бұл тұрғындардың үймен қамтылып, қолайлы өмір сүруіне ықпал етері сөзсіз.