Алматы облыстық мәслихат депутаттары Ұйғыр ауданындағы жаңа мектептің жұмысымен танысты

Алматы облыстық мәслихат депутаттары Ұйғыр ауданындағы жаңа мектептің жұмысымен танысты

Ауданда жаңадан бой көтеріп жатқан  білім беру орнының құрлысын Алматы облысытық мәслихатының хатшысы Даулет Жамалбекұлы мен облыстық мәслихат депутаты Бақдәулет Нығметбекұлы қарап көріп, ондағы атқарылған жұмысқа көз жеткізді. Заманауи үлгіде салынып жатқан екі ауысымды орта мектеп 900 орынға лайықталған. Қазіргі кезде басты жұмыс аяқталуға жақын. Яғни, құрлыстың 55 пайызы орындалған. Ғимараттың алып жатқан аумағы 4888 шаршы метр. Мердігер компания «Нұр Шапағат» ЖШС, техникалық қадағалау «АДС-Сапа» ЖШС,жоба құны: 2,41 млрд.теңге. Жаңадан орын тепкен білім беру мекемесі 2023 жылы пайдалануға берілмек. Мұндай жұмыстың барысымен танысқан депутаттар білім ошағында аудан жастары сапалы білім мен саналы тәлім алып, елінің тұтқасын ұстар азаматтарының ұшып шығатынына сенім артты.