Алматы облысының депутаттары Ұйғыр ауданында

Алматы облысының депутаттары Ұйғыр ауданында

   

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Даулет Жамалбекұлы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы, облыстық мәслихатының депутаты Бақдәулет Үстенов Ұйғыр ауданындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенін де болып, атқарылған жұмыстың барысымен танысты. Айта кету керек, аталған кешеннің құрлысы 2018 жылы қарқынды басталған. Алайда қазіргі күні жұмыс тоқтап тұр. Оның себеп салдарын анықтаған депутаттар, ендігі кезекте соған байланысты облыстық мәслихаты Алматы облысының құрылыс басқармасына ұсыныс жасамақ. Ол бұл проблеманың алдағы уақытта жүйелі жүріп, оның шешімін табуына өзіндік септігін тигізеді. Жалпы, құрылыс нысанының тапсырыс берушісі: Алматы облысының құрлыс басқармасы, мердігер компания - «Лидер NK» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «УКС», жоба құны: 1,119 млрд.теңге. Бүгінде игерілген қаражат көлемі 317 млн.теңге. Сауықтыру кешені Алматы облыстық мәслихатының қадағалауында болады.