Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Даулет Жарасбаев пен облыстық мәслихатының депутаты Бақдәулет Үстенов Ұйғыр ауданына қарасты Шонжы ауылында Әлмерек бабаға арналып тұрғызылмақшы ескерткіштің басында болып, сәулеттілік жобаны көрді.

Игі бастаманы жақсы ырымға балаған ауданның құрметті азаматтары, абыз ұрпақтары, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Даулет Жамалбекұлы мен облыстық мәслихатының депутаты Бақдәулет Үстенов баршасы үлкен қариялардан бата алып, ескерткіш салынар орында құран оқытып, құрбандық шалды.

«Өлі разы болмай, тірі байымайды» - дейді халық. Сондықтан, бабалар рухына тағзым етіп, оларды ұлықтау кейінгі ұрпақтың азаматтық парызы. Бұл сол өңірдің сәнімен салтанатын келістіріп, әрі көпшіліктің барып тынығатын орындарының біріне айналатыны да сөзсіз.