
21 шілде күні Алматы облыстық маслихатының хатшысы Даулет Жарасбаев Қонаев қалалық маслихатының хатшысы Сәуле Нұрсолтанова және «Amanat» партиясы Қонаев қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Төребековпен бірге Қонаев қаласының 10-шы шағын ауданында салынып жатқан мектептің құрылысымен танысты.
Мердігер компания ТОО «Корпорация Ақ орда» 900 балаға арналған мектеп құрылысы 50% аяқталды деген ақпарат берген болатын, бірақ, жұмыстың 25-30% ғана аяқталғанына көз жеткіздік. Ақпарат бойынша 140 адам жұмылдырылды деген нысанда 70 құрылысшы жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, 2-3 айға кешігіп жатқан құрылыс нысанының кейбір тұстарында олқылықтар байқалады.
Кемшіл тұстарын жөндеуге бір апта уақыт берілді. Алдағы уақытта бұл нысан құрылысы «Amanat» партиясының бақылауында болады.