Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысы

Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысы

Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысы

Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен Жетісу облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысы өтті.
Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қажет.
Осы орайда облыстық мәслихат хатшысы Гүлнәр Тойлыбаева Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру мәселесін өңір депутаттарымен бірге қарап, үміткерлер Бейбіт Исабаевпен Бағдат Қарасаевтың болашақ бағдарламаларын тыңдады.
Жиын одан әрі дауыс беру рәсіміне көшіп, санақ комиссиясын өз жұмысын бастап, кандидатқа берілген дауыстарды санады. Одан кейін дауыс беру нәтижесін таныстырып, көп дауыс алған үміткер Бейбіт Исабаев анықталады.