Цзянсу провинциясындағы жұмыс сапары

Цзянсу провинциясындағы жұмыс сапары

Алматы облыстық мәслихатының Цзянсу провинциясына жұмыс сапары аясында делегация мүшелері Цзянсу халық съезі жүйесінің көрмесін тамашалады.

Көрмеде Қытайдағы халық съездері жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихы, өкілетті органдардың қызметі, халық өкілдерінің жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқаруға қатысуы және халықпен өзара байланыс тетіктері кеңінен таныстырылған. Экспозиция тарихи материалдар, фотосуреттер мен ақпараттық стендтер арқылы халық съездері жүйесінің даму кезеңдері мен бүгінгі қызметін жан-жақты көрсетеді.

Сапар барысында делегация Цзянсу провинциясы Халық съезі Тұрақты комитетінің отырыс залымен танысып, провинция Партия комитетінің хатшысы, Халық съезі Тұрақты комитетінің төрағасы Синь Чансинмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы дәстүрлі достық және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту, өңірлер арасындағы байланыстарды дамыту және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша Алматы облыстық мәслихаты мен Цзянсу провинциясы Халық съезі Тұрақты комитеті арасында достық және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат екі өңірдің өкілді органдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға, тәжірибе алмасуға және достық байланыстарды нығайтуға бағытталған.