Тұрақты комиссияның отырысы өтті

Тұрақты комиссияның отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының «Денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында әлеуметтік-мәдени салалардың өзекті бағыттары жан-жақты талқыланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

  1. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2025 жылғы әлеуметтік-мәдени салалар бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындылары және 2026 жылға арналған негізгі индикаторлары.

  2. Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету: білім беру ұйымдарында қауіпсіздік стандарттарының сақталу деңгейі.

  3. Спорт инфрақұрылымын дамыту барысы және 2026 жылға жоспарланған бұқаралық спорт көрсеткіштері.

  4. «Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы» мәселе.

  5. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесіне қарасты «Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы ұсыныс.

Отырыста қаралған мәселелер бойынша тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар беріліп, әлеуметтік саланың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылды. Комиссия мүшелері өңірдегі білім беру, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау бағыттарындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.