
2025 жылғы желтоқсан айында Алматы облыстық мәслихатының депутаттары Л.Тұрлашов, Н.Бокебаев, Қ.Ақберген, Н.Гринченко, Ә.Төлепбергенова, Ж.Алтанғадас, М.Молдашева, Е.Жақсыбаев, Ә.Заирова сайлаушылармен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді.
Депутаттардың қабылдауына келген 34 азаматтың өтініштері тыңдалды. Қабылдау барысында 12 азаматтың өтініштерің сол мезетте шешімі табылды. Ал қалған өтініштерге заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, күрделі мәселелердің шешімі алдағы уақытта шешілетіндігі айтылды.