Облыстық мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдауы өтті

Облыстық мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдауы өтті

Қазан айында Алматы облыстық мәслихаттың төрағасы Қ.Байғоджаев, облыстық мәслихат депутаттары М.Бигелдиев, Т.Адамов, Н.Әлиев, Г.Құраметова, А.Ақжолтаева, Н.Орынбасаров, Д.Жарасбаев, А.Асылов, С.Сарсеков, С.Әділханов, Ж.Жазықпаева, А.Илахунов, А.Сарипов, Ж.Алтанғадас, Б.Атайбеков, А.Құнанбаева, С.Нұрдаулетов, М.Увалиев сайлаушылармен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді.
Депутаттардың қабылдауына келген 66 азаматтың өтініштері тыңдалды. Қабылдау барысында 33 азаматтың өтініштерің сол мезетте шешімі табылды. Азаматтардың өтініштеріне байланысты тиісті мемлекеттік мекемелерге 1 депутаттық сауал жолданды. Ал қалған өтініштерге заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, күрделі мәселелердің шешімі алдағы уақытта шешілетіндігі айтылды.