
Алматы облыстық мәслихатының Экономика, бюджет, құқық тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы мен Денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
🔹 2025 жылдың қыркүйегіне дейін облыстық басқармаларға бөлінген қаржының игерілуі;
🔹 Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы;
🔹 Медициналық көмек сапасы және тегін дәрі-дәрмектің уақытылы жеткізілуі;
🔹 «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасының жүзеге асырылуы;
🔹 Жаңа 2025-2026 оқу жылына білім беру мекемелерінің дайындығы қаралды.