Алматы облысында жаңа оқу жылына оқушыларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында игі іс-шаралар жалғасуда

Алматы облысында жаңа оқу жылына оқушыларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында игі іс-шаралар жалғасуда

Осы орайда, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Алматы облыстық мәслихатының депутаттары 11 миллион теңгеге жуық қаржыға 500-ден астам балаға мектепке қажетті оқу құралдары салынған сөмкелер, мектеп формалары мен спорттық киімдер үлестірді.

Бұл көмек, әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балалар үшін үлкен қуаныш пен жігер сыйлады.

Мәслихат депутаттары бұл қайырымдылық шараны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқанын және алдағы уақытта да балаларды қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беретінін атап өтті.

Олар балалардың білімге деген құштарлығын арттырып, мектепке деген ынтасын ояту – қоғам алдындағы ортақ міндет екенін айтты.

Мектеп табалдырығын қуанышпен аттаған оқушылармен олардың ата-аналары халық қалаулыларына алғыстарын білдіріп, жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.

Осындай ізгі шаралар – ел болашағы саналатын жас ұрпақтың сапалы білім алуына жасалған маңызды қадамдардың бірі.